Күн жүйесінде алғаш рет ғаламшар бөлігі табылды

29 Қаңтар 2019, 10:58
3968
Бөлісу:
Күн жүйесінде алғаш рет ғаламшар бөлігі табылды

Астана, BAQ.KZ. Астрономдар алғаш рет Күн жүйесінің шетінен радиусы 1,3 километрді құрайтын аспан денесін тапты. Бұл жөнінде Phys.org хабарлап отыр.

Шаң мен мұз шоғырланулары және толыққанды ғаламшарлар арасындағы аралық буын болып саналатын мұндай нысандардың бар екені жөнінде 70 жыл бұрын айтылған болатын. Алайда, дәл осы уақытқа дейін Күн жүйесінде мұндай ғаламшар бөліктері байқалмай келді.

Табылған нысан Күннен 30-55 астрономиялық бірлік қашықтыққа, яғни Нептун орбитасында орналасқан Эджворт-Койпер белбеуінде анықталып отыр. Бұл аймақтағы ең танымал аспан денесі – Плутон. Белбеу ғаламшарлар қалыптасқаннан кейін қалған нысандардан құралған деп саналады. Күн жарығының аз мөлшеріне байланысты Күн жүйесінің осы бөлігіндегі астероидтар мен кометалар миллиард жыл бұрынғыдай қалыпта сақталып қалған.

Осындай қашықтықта орналасқан радиусы бір шақырым шамасындағы нысандар көмескі болғандықтан, астрономдар астериод көлегейлеп қалуына байланысты өз жарығын бәсеңдететін жұлдыздарды іздеу әдісін қолданды. Мұндай аспан денесін ашу ғаламшар бөлшектері бастапқы кезеңде шағын көлемді болып, кейіннен тез арада салмағы артып, үлкен нысанға айналады деген гипотезаны растап отыр.

Өзгелердің жаңалығы