«Күлімдеңіз!» – Семейде тегін фотосессия болды

15 Шілде 2019, 21:58
2051
Бөлісу:
«Күлімдеңіз!» – Семейде тегін фотосессия болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде «Айналаңа шаттық сыйла!» атты шағын фотосессия өтті. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Фотографтар күні қарсаңында қаладағы Т.Яковлев, В.Еремеев, В.Ершов, М.Земан, Д.Комиссаров, Grey Greyman сынды фотографтар тегін фотосессия ұйымдастырды.

«Біз үнемі күліп жүреміз бе? Ол мүмкін бе? Жо-жоқ. Десе де, шама келсе, айналаға күліп қарап, қуаныш сыйлағанға не жетсін! Қанеки, күлімдеңіз, суретке түсірейік... Бұл фото өміріңіздің жарқын сәті ретінде естелік болып өзіңізде қалсын», - дейді фотограф.

Бұл шара Семейде дәстүрге айналған.

Өзгелердің жаңалығы