Көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады

26 Мамыр 2020, 10:46
1080
Бөлісу:
Көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және "Электронды үкімет" порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті хабарлады. 


Ағымдағы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша)
жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және "Электронды үкімет" порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады, - делінген хабарламада. 
ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы