Көлік прокурорлары 198 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі

23 Қаңтар 2020, 21:05
1336
Бөлісу:
Көлік прокурорлары 198 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу көлік прокуратурасымен аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанданың жолы кесілді, деп хабарланды Бас прокуратураның ресми сайтында. 

"D" ЖШС-гі декларацияға жалған мәліметтерді көрсету арқылы ҚХР-нан Қазақстан аумағына 198,8 млн теңгеге, салмағы 156 тонна көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін алып кірмекші болғаны анықталды.

Аталған факті көлік прокуратурасында тіркеліп, құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды, онда Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Ү.ж. 21 қаңтарында Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотымен "С" азаматына қатысты іс келісімдік іс жүргізуде қаралып, аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 500 АЕК  (3,7 млнтеңге) көлемінде қылмыстық айыппұл салынды. Жалпы сомасы 198,8 млн теңгеге контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді, - делінген Жетісу көлік прокуратурасы ақпаратында.


 
Өзгелердің жаңалығы