Бас жаңалықтар
Көлік полицейлері жолаушыларға бетперде таратты
24 Қыркүйек 2020, 17:53 127

Көлік полицейлері жолаушыларға бетперде таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері еріктілермен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан 1 темір жол вокзалында және жолаушылар пойыздарында 500 бетперде таратты.

«2020 еріктілер жылы» еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Көліктегі полиция департаменті «Менеджмент және бизнес» колледжі еріктілерінің қатысуымен «Патруль-ерікті» бірлескен іс-шарасын өткізді.

Іс-шара #birgemiz акциясын қолдау мақсатында коронавирус инфекциясы мен саламатты өмір салтын насихаттау үшін жолаушылар пойыздары мен темір жол вокзалдарына келушілердің арасында, сондай-ақ, карантинге байланысты енгізілген шектеулерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін және бетпердені тек үй-жайларда ғана емес, көшеде де міндетті түрде кию туралы ескерту, - деді департамент бастығының орынбасары Абзал Жұматаев.
Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірінде карантиндік іс-шаралар жүргізілуде. Сондықтан адамдар көп жиналатын әуе және темір жол объектілерінде де санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау өте маңызды.

Оның айтуынша, көлік полицейлері өздерінің негізгі міндеттеріне қоса азаматтардың денсаулығына қамқорлық көрсетуде, оған осы өткізіп жатқан іс-шаралар дәлел.

Нұр-Сұлтан 1 стансасында А. Жұматаев жеке құраммен және еріктілермен кездесіп, қызметтік жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Бұдан соң «Қарағанды-Қостанай», «Жезқазған-Нұр-Сұлтан», «Алматы-Қостанай» және «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыттарындағы жолаушылар пойыздарының келіп-кетуі кезінде жолаушыларға қорғаныс бетперделері мен профилактикалық сипаттағы жадынамалар таратылды.

Еріктілер департаментпен ұйымдастырылып өткізілетін акцияларға ұдайы қатысып отыратындықтарын айтты. Олар осы жұмысты ерікті түрде жасап, қоғамға қол ұшын беруді әр адамның парызы деп біледі.

Азаматтар өз кезегінде тәртіп сақшыларының атына алғыстарын білдірді. Олар осындай алмағайып кезеңде ерекше көңіл бөліп, тегін бетперде таратқан полицейлердің қамқорлықтарын жоғары бағалап, олардың қиын да жауапты қызметтеріне алғыс айтып, табыстар тіледі.

Шара барысында азаматтардың көпшілігі қорғаныс бетперделерін тағуға аса жауапкершікпен қарайтындықтарын көрсетті.

Акция кезінде көлік полицейлері жолаушыларға 500 медициналық қорғаныс бетпердесін таратты. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады, – деді полиция полковнигі.
Естеріңізге сала кетейік, көлік полициясы қызметкерлері осындай акцияларды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрады, мәселен, биыл тамыз айының аяғында Нұр-Сұлтан стансасында еріктілермен бірлесе отырып 1500 бетперде таратылған болатын. Бүгінгі күнге дейін полицейлер 2000-ға жуық медициналық бетперде таратты.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...