Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді

18 Шілде 2019, 06:45
1257
Бөлісу:
Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының аумағында Көліктегі полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының қызметкерлері Алматы полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе, экстремалдық жағдайлар туындаған кездегі бастапқы шараларды орындау бойынша теориялық және практикалық сабақтарды өткізді.

«Қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың бағынбау іс-әрекеттерімен жиі бетпе-бет келеді. Бұл даярлықтың полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің маңызды компоненті болып табылатындығы және күнделікті қызметте экстремалдық жағдайлардың туындауы кезінде зор маңызға ие екендігі сөзсіз», - деп атап өтті Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов.

Оқу-жаттығу сабақтарының барысында қатысушылараға стратегиялық маңыздағы объектілерге шабуыл жасау қаупі төнген кездегі кезекші-жасақтың іс-әрекетінің алгоритімі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Осындай жағдайлар кезінде қызметкер белгілі бір функцияларды білуі және нақты орындауы қажет.

Бұдан соң жедел топтардың видеоматериалдар, сондай-ақ қарулы қылмыскерлерге қарсы қолданатын арнайы құралдар көрсетілді.

Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді

Бұдан басқа құрама жасақ қызметкерлері өздерінің дағдарыстық жағдайлар туындаған кездегі арнайы құралдарды қолдана отырып, жасайтын кәсіби машықтарын паш етті.

Іс-шараның соңында темір жол вокзалдары мен әуежайлардан күдікті зат тауып алу кезіндегі патрульдік қызметтің кезекші жасақтарының бастапқы іс-әрекеттері көрсетілді. Сонымен қатар кезекші жасақтардың, жедел-тергеу топтарының, жарылғыш технигі мамандарының және кинологиялық қызмет мамандарының қызметтік-іздестіру иттерімен бірге жүргізетін іс-әрекеттері пысықталды.

Өз кезегінде жарылғыш техника мамандары жарылғыш заттарды залалсыздандыратын арнайы техникамен таныстырды.

Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді

Жалпы, алға қойылған барлық міндеттер табысты орындалды. Көлік полицейлері әскери даярлықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

Жаттығудың қорытындысы бойынша Департамент басшылығы барлық жұмылдырылған қызметтердің бірлескен іс-қимылына оң баға берді.


Өзгелердің жаңалығы