Көлік полицейлері 41 жастағы әйелді құтқарды

26 Наурыз 2019, 17:58
1693
Бөлісу:
Көлік полицейлері 41 жастағы әйелді құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері темір жолдар арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде 41 жастағы әйелді өз-өзіне қол жұмсаудан құтқарды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың 25 наурызында сағат 20:30 шамасында темір жол көлігі объектілерін патрульдеу кезінде Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері полиция сержанттары Рамис Джетписбаев пен Абылай Каппазов темір жолдар арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің таянышынан ұстап, көпірден секіріп кетуге тырысқан әйелді байқап қалған.

Көлік полицейлері 1978 жылы туған әйелдің қайғылы оқиғаға тап болуының алдын алды.

Тәртіп сақшылары оның қолынан ұстай алып, көпірдің қауіпсіз жағына қарай тартып шығарды. Дәл осы кезде оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін оқиға орнына Қостанай станциясындағы ЖПБ жедел-тергеу тобы келіп жетті.

Полиция бөлмесінде әйелге дер кезінде моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы