Көлік астына әдейі түскен жігіт ұсталды

7 Сәуір 2020, 08:15
1570
Бөлісу:
Көлік астына әдейі түскен жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мас адамдар полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Алматы қаласы Полиция департаментің "102" пультіне “Мирас” ықшамауданында белгісіз біреу көліктің астына түсіп бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. "Буран" экипажы оқиға орнына жедел жеткенде полиция қызметкерлері жол бойында тұрған жас жігіттің өтіп бара жатқан көліктерге әдейі қарсы жүргеніне сенімді болды. Ол жалғыз емес болып шықты.
Жақын жерде А. есімді әйел адам басқарған "Хюндай Элантра" маркалы автокөлік тұрды. Олар бірге сыра сатып алуға бара жатқан. Бірақ олардың дөңгелегі жарылып қалғандықтан, 1999 жылы туылған К. есімді жігіт мас күйінде жолдағы көліктерді тоқтатамын деген үмітпен жол жиегіне қарай жүгіре бастаған. Инспекторлар қыздың да мас екенін байқаған. Полиция қызметкерлерінің құжаттарды көрсетулерін сұрағанда, К. есімді тұрғын өзін агрессивті түрде ұстап, ұятты сөздер айта бастады. Олардың көлікке құжаттары болған жоқ, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны қызметтік көлікке отырғызбақшы болғанда, бұзақы олардың бірінің басынан өз басымен қайта-қайта соққан. Нәтижесінде инспекторлар қатыгез адамды кісендеп тастады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, К. мырза мен A. есімді әйел орташа ауырлықтағы мас күйінде болған. К. есімді тұрғынның бұл әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлімінің 9-тармағына (төтенше жағдай жарияланған аймақтағы билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану) сәйкес деп танылды. Қазіргі уақытта ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, А. есімді әйел Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды және көлік құралын басқару құқығынан 8 жыл мерзімге айырылды. Сондай-ақ А. есімді тұрғын Алматы қаласының СМАС бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, – деді Өтебаев.


Өзгелердің жаңалығы