Бас жаңалықтар
Көлгінов шетелдік компания өкілдерімен жаңа зауыт салу жоспарын талқылады
14 Қаңтар 2020, 09:55 360

Көлгінов шетелдік компания өкілдерімен жаңа зауыт салу жоспарын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов оңтүстіккореялық компаниямен елордада жаңа зауыт құрылысын бастау туралы жоспарды талқылады, деп хабарлады Елорда Инфо.

Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарым барысында "Hyosung Heavy Industries" компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Нұр-Сұлтанда Alageum Electric компаниясымен бірлесе жоғары вольтты электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт құру талқыланды, - делінген қала басшысының Instagram желісіндегі парақшасында.

Жоба 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыт өнімін отандық нарықпен қатар шетелге де экспорттау көзделіп отыр.

Фото: дереккөз
Загрузка...