Бас жаңалықтар
Көлгінов: Өнім сапасына мән беру керек
11 Желтоқсан 2019, 19:30 674

Көлгінов: Өнім сапасына мән беру керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының І съезі өтті.

Шара барысында қала әкімі Алтай Көлгінов "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын дамытып, өндірушілердің өнім сапасына мән беру керектігін атап өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

Съез барысында Алтай Көлгінов мемлекет "Қарапайым заттар экономикасын" дамытуға ерекше назар аударатындығын тілге тиек етті. 

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын дамытудың 2 бағыты қарастырылды: жеңілдікпен кредит беру және жергілікті мазмұн үлесін ұлғайту. Осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр, кәсіпкерлермен кездесіп, қолдау көрсетеміз. Мәселен, "Astana Ютария Ltd" компаниясын қарастыратын болсақ, бұл компания отандық жеңіл өнеркәсіптің қалай дами алатынын көрсететін жақсы мысалдардың бірі. Бұл салада бәсекелестік үлкен екені түсінікті. Тұрғындар дизайнға, сапаға, бағаға аса назар аударады. Қазір компанияда 500 - ге жуық адам жұмыс істесе, өнімнің 25% - экспортқа шығады. Сұраныс өте үлкен.  Біз жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің мектеп формасын тіге алатынына қуаныштымыз. Осындай беткеұстар, үлгілі компанияларымыз көп, бірақ әлі де көптеген жұмыстар атқаруымыз керек . Тәжірибе жинақтап, әрдайым өнім/тауар сапасымен жұмыс істеп, аса мән беру керек, - деді қала әкімі. 

Сондай-ақ, съезге 120-дан астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қатысты. Шара соңында елорда әкімдігі қатысушыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын тұрғындарға тігін машиналарын сыйға тартты.



Фото: дереккөз
Загрузка...