Көлгінов медқызметкерлерді қолдауға шақырды

17 Наурыз 2020, 18:33
1703
Бөлісу:
Көлгінов медқызметкерлерді қолдауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық қызметкерлер коронавирус инфекция жұқтырды деген күдігі бар жағдайда пациенттермен жұмыс істеуде нақты іс-әрекеттер тәртібін жақсы біледі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Медициналық қызметкерлер коронавирус инфекция жұқтырды деген күдігі бар жағдайда пациенттермен жұмыс істеуде нақты іс-әрекеттер тәртібін жақсы біледі. Себебі оларға қазіргі таңда үлкен салмақ түсуде. Сондықтан құрметті қала тұрғындары, қонақтары, медициналық қызметкерлерді қолдауға шақырамын, - деді елорда әкімі ОКҚ брифинг барысында.

Коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты қала әкімі мәлімдеме жасап, халыққа түсіндірді.

Айта кетсек, 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатып шықты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр.

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде вирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. 

Атап айтқанда, Алматы қаласында – 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам тіркелді. Нәтижесінде Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы