Көлгінов: Биыл елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады

10 Тамыз 2020, 10:30
1209
Бөлісу:
Көлгінов: Биыл елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орындарының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді-мекендерде салынып жатыр. Бүгін бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салып жатырмыз. Мектеп аумағын кеңейтеміз. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл осы мектепті пайдалануға береміз. Абаттандыру жұмыстарына назар аудару қажет. Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны - 12. Келесі жылдарға да дайындықты естен шығармадық. Ұлы Дала мен №39 көше қиылысында орналасқан білім ордасы 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда - 2400). 2021 жылы пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады,-деп жазды Алтай Көлгінов.
Өзгелердің жаңалығы