Алматы, BAQ.KZ. Алматының Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды.
Алматы әкімі тау локацияларын, жалпы туризмді дамыту еңбекпен қамтуға, экономиканы өсіруге, экспорттық түсімді арттыруға оң ықпал ететінін, сонымен қатар қазіргі кезде электронды коммерцияны дамыту мен сауданы қысқартудың маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі күні қалада бұл бағытты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жаңа архитектуралық келбет пайда болуда, тартымды нысандар бой көтеруде, Алматының халықаралық аренадағы өзіндік орны қалыптасуда.
«Таулар – бәсекелестіктегі біздің басты артықшылығымыз, сондықтан біз оны ұтымды пайдалануымыз қажет. Австрия сарапшыларының бағасы бойынша, оны тиімді пайдалану үшін 7-10 жыл ішінде 1,5 млрд.доллар жұмсалса, онда экономика үшін жыл сайын 2 млрд. доллар пайда табуға болады екен. Ең маңыздысы – 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Дегенмен, біз экономиканың, социумның, экологияның тепе-теңдігін сақтауымыз қажет, яғни қоршаған ортаға өте аз мөлшерде әсер ететін заманауи курорттарды салуға тиіспіз. Бұл істе асықпаған жөн деп есептеймін. Барлық сарапшылар пікірлерін, жаңа локациялар болашағын қарастырған жөн. Сондықтан жобаны тағы бір рет пысықтап, кейінге қалдыруды ұсынамын. Оның үстіне, жұмыс істеп тұрған курорттарды дамытудың өзі сарапшылардың пікірі бойынша кем дегенде 3-5 жылға созылады екен. Осы жылдар ішінде қажетті тәжірибені жинақтаймыз, кадрларды дайындаймыз, тұрғындардың және курорттар қонақтарының пікірлерін зерттейміз. Содан кейін ғана «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салуға кірісетін боламыз», - деді Бауыржан Байбек.
Айта кетерлігі, жаңа концепция барысында қаржының шығын бөлігі оңтайландырылды, құрылыс салынатын жердің қоршаған ортаға тигізер ықпалы 14 есе, ағаштарды сүру 26 есе азайды. 100 га жер Ұлттық паркке қайтарылады. «Көкжайлаудың» жаңа концепциясында жеке коттедждерді жобалау мүлдем болмайды.
Өткен жылдың қараша айында жобаның қоршаған ортаға тигізер ықпалы жөнінде алдын-ала қоғамдық тыңдау болды. Бұл «Алматы-2020» жобасынан кейінгі қалалықтардың қатысуымен талқыланған екінші жоба. Орхусск конвенциясының барлық талаптары сақталды.
Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша ашық оқуға болатын 293 парақтан тұратын хаттама жасалды. Өткен 5 ай ішінде ол сараптамадан өтті. Қорғаныс министрлігінің балансындағы ЦСКА-ның тау шаңғысы базасы қаланың коммуналды меншігіне берілетін болғандықтан «Master Concept» компаниясының консультанттары «Көкжайлау» курорты мен ЦСКА-ны біріктіруді ұсынды, ал бұл базалық станцияның локациясын өзгертеді. Жалпы, Шеберлік-жоспарда «Тау Парк» курорты мен Бутаковка шатқалын дамыту қарастырылған. Жаңа локацияларды «Көкжайлаумен» берге бірыңғай кластерге енгізу қажет. Курортқа келушілердің 70%-ын қалалықтар құрайтындықтан плато аймағында қонақ үй салынбайды.
«Таушаңғысы индустриясы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек куорттарды қаржыландыру принципі мынадай: жол және инженерлік инфрақұрылымдар толығынан мемлекеттің есебінен салынады, коммерциялық бағыт жеке инвесторлар есебінен жүзеге асады, ал тау шаңғысы құрылымының бір бөлігі мемлекет есебінен субсидияланады. Қазіргі кезде субсидиялаудың бұл механизмі Үкіметте талқылануда. Сондықтан «Көкжайлау» және басқа курорттар тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана емес, осы қағида бойынша қаржыландырылуы тиіс. Яғни, жобаға бюджеттен барынша аз шығын жұмсай отырып, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырған жөн. Ал, жобаға жұмсауға жоспарланған қаржыны өзге қалалық маңызды бағдарламаларға аудару қажет», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Жаңалықтар
бүгiн, 21:16
23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтіледі
бүгiн, 21:03
ДДСҰ: Вакцина COVID-19-ды жеңуге кепілдік бермейді
бүгiн, 20:45
Астролог кейбір жұлдыз жорамал белгісіне ақшамен абай болуға кеңес береді
бүгiн, 20:30
Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартпақ
бүгiн, 20:14
Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
бүгiн, 20:01 PHOTO
Корея мен Жапония Елбасыға не сыйлады?
бүгiн, 19:47
Босанған әйелдер арасында психологиялық депрессия артқан
бүгiн, 19:31
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
бүгiн, 19:30 PHOTO
Елордада «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» атты көрме ашылды
бүгiн, 19:24
Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік партиясының төрағасымен сөйлесті
бүгiн, 19:20
Ердоған Елбасын жеңісімен құттықтады
бүгiн, 19:00
Коронавирустан сауығып шыққаннан кейін иммунитеттің нығаятыны расталды
бүгiн, 18:40
Президент мемлекеттік қызметті жетілдіруді тапсырды
бүгiн, 18:28
Шекарадан анықтамасыз өткендерге ПТР-тестілеу жүргізіледі
бүгiн, 18:13
Мемлекет басшысы Маминді қабылдады
бүгiн, 18:07
Былтыр Шымкентте 3 013 адам ресми түрде жұмысқа орналасты
бүгiн, 17:50
Коронавирустың көзге әсер ететін «үш» басты белгісі анықталды
бүгiн, 17:36
Ұшақта темекі шеккен украиналыққа 150 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
бүгiн, 17:22
Тоқаев Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
бүгiн, 17:14
«Қайратқа» Лондонның «Арсеналында» ойнаған футболшы келеді
бүгiн, 17:01
ШҚО-да оқу жылы басталғалы 1037 оқушы КВИ жұқтырған
бүгiн, 16:48
Қытайда коронавирустың жаңа эпицентрі анықталды
бүгiн, 16:34 PHOTO
32 келі салмақ тастағанға 3 миллион теңге төленді
бүгiн, 16:20
Елбасы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
бүгiн, 16:12 VIDEO
#Тәуелсіздік30. Еліміздегі патриоттық акция жалғасуда
бүгiн, 15:58
Өткен тәулікте 132 жолаушы шетелден анықтамасыз келген
бүгiн, 15:44
Салық заңнамасы: Енді қате төленген салық сомасы 5 күннің ішінде қайтарылады
бүгiн, 15:34
Салық заңнамасына қандай өзгерістер енгізілгені айтылды
бүгiн, 15:25
Спутник-V вакцинасының кері әсерлері туралы хабарламалар – фейк
бүгiн, 15:07
Қарағандыда ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
бүгiн, 14:48
Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы тез тарап жатыр
бүгiн, 14:34
Алматы облыстық сот ғимаратына карантиндік шаралар енгізілді
бүгiн, 14:18
Депозиттен 400 мың теңге ұрлаған алаяқ ұсталды
бүгiн, 14:00
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейтілді
бүгiн, 13:42
Биыл 6 мың шақырым автожол жөнделеді
бүгiн, 13:25
Агроөнеркәсіптің жетістіктері қандай?
бүгiн, 13:09
Балаева Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
бүгiн, 13:02
ХҚКО-лар мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырады
бүгiн, 12:54
Елордалық азамат алдымен әйелін, кейін өзін өлтірген
бүгiн, 12:44
Алматыда вирусты сырттан әкелу жағдайы жалғасуда
бүгiн, 12:28
Аягөзде мұржаның тазаланбауынан екі адам қайтыс болды
бүгiн, 12:20
Қазақстанның тағы бір спортшысы допинг дауына ілікті
бүгiн, 12:09 PHOTO
Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды
бүгiн, 11:55
Сенатор: Билікке өз пікірімізді жеткізе білсек қана, белсенді қоғам құра алғанымыз
бүгiн, 11:41
Атырау облысында карантин ұзартылып, шектеу шаралары күшейтілді
бүгiн, 11:38
Вакцинадан қайтыс болған еріктіге 500 мың теңге берілмейді
бүгiн, 11:26
Қостанай облысында карантиндік шаралар екі аптаға қатаңдатылды
бүгiн, 11:20
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
бүгiн, 11:09
Ақмола облысында вакцинацияға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
бүгiн, 11:06
Өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды - Тоғжанов

«Көкжайлау» жобасын жүзеге асыру кейінге шегерілді
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
21:40

−15°C
−21°C сезіледі
-
1Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр170782Үкімет қашан ауысатыны белгілі болды49533Дәрігерлер ер адамның өмірін қысқартатын өнімді атады40204Сауалнама: Халық қай партияны таңдайтынын көрсетті27075Әлемдегі ең бай адамдардың бірі «жоғалып» кетті2248
