Ақмола облысының әкімі көктемгі су тасқынына дайындалуды тапсырды

24 Ақпан 2020, 11:20
1493
Бөлісу:
Ақмола облысының әкімі көктемгі су тасқынына дайындалуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы мол қар көктемде су тасқынына айналады, сондықтан өңірде алдын ала дайындық жұмыстары басталды.

Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген 2020 жылы ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында жауапты мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалды.

ТЖ департаментінің бастығы А.С. Советов, Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Д.Б. Бекмағамбетов, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Е. Жанғасқанов, Аршалы ауданының әкімі Т.К.Мұханбеджанов, Целиноград ауданының
әкімі М.С.Таткеев, Атбасар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Т.Комбатуров баяндама жасады.

Алексей Советовтің айтуынша, облыс аумағында ылғалдың әлі де көп түсу қаупі бар (қар аралас жаңбыр түрінде). Қар мен ылғал қорының
көлемі өткен жылдардағыдан және орташа жылдық нормадан әлде қайда жоғары. Облыстың барлық өңірлерінде әсіресе аудан
орталықтарынан шалғай елді мекендерде қардың көптігі жойқын су тасқыны қаупінің барын көрсетеді.

ТЖД бастығы өңірлерде су тасқынына дайындық жұмыстары нашар ұйымдастырылғанына назар аудартты. Мысалы, бірқатар
аудандарда шұғыл шығындарға арналған қаржы қарастырылмаған, ЖЖМ, инертті материалдар, қаптар қажетті көлемде дайындалмаған.
Сонымен қатар, бөгеттер қанағаттанғысыз жағдайда және елді мекендерден қар шығару жұмыстары нашар жүргізіліп жатыр. Аршалы,
Астрахан, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарындағы және
Көкшетау қаласындағы проблемалар атап көрсетілді.

Ермек Маржықпаев қаңтар мен ақпанда қардың көп түскенін ескере отырып алдын алу шараларын күшейтуді және жоспарларын өзгертуді
тапсырды. Облыс әкімі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу ерекше бақылауда екендігін ескертті.

Барлық әкімдер жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, "КазАвтоЖол" Ақмола облыстық филиалымен, Ақылы
автомобиль жолдары дирекциясымен, ҚТЖ филиалымен бірлесіп республикалық, жергілікті маңызы бар автожолдар мен темір жолдардағы су өткізу имараттарын (көпірлер мен көпір өткелдерін) қоқыс пен қардан тазарту бойынша жұмыстарды бастасын, қарды уақытында шығару, су қоймаларын дайындау, гидроқұрылыстардың жағдайларын бақылау бойынша жұмыстарды
жандандырсын, - деді Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі 10 наурызға дейін апаттық және қанағаттанғысыз жағдайдағы гидротехникалық имараттарды транзиттік

режимге көшіруді, олардың маңында тәулік бойы инженерлік техникалардың кезекшілігін қамтамасыз етуді, 2 апта мерзімде ЖЖМ,
қаптар, инертті материалдардың қажетті қорын дайындау бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Біз су тасқыны кезеңінің жақындауы мен ауа райын ескере отырып жиі жиналатын боламыз. Комиссияның кеңейтілген құрамында тағы да жоспардан тыс отырыс өткіземіз. Су тасқынын өткізу ауа райына ғана байланысты емес, су объектілерінің дайындығына, барлық мемлекеттік басқару органдарының жұмылдырылған жұмысына байланысты, - деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы