Көкшетауда жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды

16 Қараша 2019, 04:11
2362
Бөлісу:
Көкшетауда жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды, деп хабарлайды  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі. 

Мектеп мемлекеттік қызметке ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері бар талантты, сауатты, білімді, жауапты жастарды тартуға, сондай-ақ оларға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған.

Біз мектептің жұмысын мемлекеттік қызмет жүйесіне жоғары білікті, құзыретті, келешегі зор кадрларды даярлау алаңы ретінде құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жерде сіздер пайдалы дағдыларға ие болып, мемлекеттік аппараттың жұмысымен таныса аласыздар. Бұдан әрі мемлекеттік органдарда тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие боласыздар. Біздің міндетіміз – сіздерге болашақ қызмет түрін таңдауға көмектесу, лайықты орынға ие болып, мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін пайдалы болуға жәрдемдесу, – деді департамент басшысы Берген Беспалинов.
Мектеп жұмысының негізгі екі бағыты бар. Біріншісі – мемлекеттік қызметке түсу үшін қажетті білім мен жеке қасиеттерді кеңейту. Екіншісі – мамандық бойынша мемлекеттік мекемелерде бітіруші курс студенттерінің тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету. Оқыту курстары мемлекеттік қызметшілерді, тәжірибелі практиктерді, оқытушыларды, психологтарды және бизнес-тренерлерді жұмылдыру арқылы жүргізіледі.

 

 

Өзгелердің жаңалығы