Бас жаңалықтар
Көкшетауда студент 6-қабаттан секіріп кетті
VIDEO
24 Қаңтар 2020, 09:30 194

Көкшетауда студент 6-қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда студент Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің басты корпусының алтыншы қабатынан сабақ кезінде секіріп кеткен.

Бұл туралы "Көкшетау Азия" хабарлады.

Оқиға 23 қаңтар күні күндіз болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ жейде киген жігітті терезеден жұлқып, ішке кіргізбек болып жатқанын көруге болады. Ал жігіт бұлқынып, секіріп кетеді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері секіріп кеткен студент 2001 жылы туғанын анықтады.

Жігіт Ақмола облыстық ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілген. Бас дәрігердің орынбасары Дмитрий Чайковтың хабарлауынша, жігіттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оған ота жасалған.




Фото: дереккөз
Загрузка...