Көкшетауда пышақтасумен аяқталған төбелес видеоға түсіп қалған

27 Ақпан 2020, 10:06
1835
Бөлісу:
Көкшетауда пышақтасумен аяқталған төбелес видеоға түсіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 ақпан күні сағат таңғы 4 шамасында жедел басқару орталығының инспекторы «Евразия» түнгі клубының алдында төбелес болып жатқанын көреді. Ол оқиға орнына полиция жібереді.

Оқиға орнына келген полиция экипажы 21 және 22 жастағы жігіттерді ұстаған. Олар 25 жастағы Бурабай ауданы Кенесары ауылының тұрғынын жарақаттаған.

Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабаның 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл бап бойынша үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жыл басынан бері қалада жедел басқару орталығының көмегімен 48 қылмыс ашылды.



Өзгелердің жаңалығы