Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

5 Тамыз 2020, 05:27
1743
Бөлісу:
Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда он шақты ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2 тамызда Көкшетау қалалық ПБ ЖБО бейнебақылау кезекші инспекторы мониторинг кезінде Абай және Тәшенов көшелерінің қилысында 8 ер адамның төбелесіп жатқанын көрген. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальоның қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жіберілді.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, жергілікті бес адам жазғы дәмханалардың бірінде әуе-десанты әскерлерінің күнін атап өткен. Отырыс кезінде өзге үш адаммен сөзге келісіп қалған топ сыртқа шығып, мәселені шешпек болған. 

Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұзақылық әрекетінің жолын кесті, төбелеске қатысушылардың барлығы Көкшетау қалалық ПБ жеткізілді. Осы жағдайға байланысты ҚР ҚК 293 бабының 2 бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жыл басынан бері Ақмола облысында бейнебақылау камерасы арқылы 150 астам қылмыстың беті ашылды.


Өзгелердің жаңалығы