Бас жаңалықтар
Көкпектіде "Абай оқулары" байқауы өтті
24 Тамыз 2019, 07:38 406

Көкпектіде "Абай оқулары" байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкпекті ауданының Самар ауылында Ұлы Абайдың ескеркішінің ашылу салтанаты көркем сөз оқу шеберлерінің арасындағы облыстық "Абай оқулары" конкурсына ұласты, деп хабарлады altaynews.kz.

Облыстық байқау Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат жəне облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының тікелей ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға қала, аудандардан келген 25 үміткер өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан жеңімпаздар жүлделі орындарды иеленді.

Бас жүлдені Тарбағатай ауданының, 2-орынды Зайсан ауданының, 3-орынды Көкпекті ауданының жастары иеленді.

Бас жүлде алған Олжас Серікбекұлының өнерін қазылар алқасы ерекше атап өтті.

Əділ қазылар алқасының құрамында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өкілі, Абайтанушы ғалымдар жəне тіл мамандары болған еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық