Күдіктілер Денис Тенді өлтірген соң Қапшағайға барып демалған

8 Қаңтар 2019, 16:21
2004
Бөлісу:

Алматы, baq.kz. Бұл туралы Денис Теннің сотында куәгер Жайна Ізтілеуова айтты.

Куәгер өзінің Жанар Толыбаев есімді құрбысымен бұрыннан таныс екенін және 19 шілде күні кешке Жанардың достарымен Қапшағайға демалуға барғанын айтты. Таразда студент болғада Жанардың үйлерінде тұрғанын айта келе Алматыда құрбысы екеуі пәтер іздеп, бірге тұруды қалағандарын жеткізді.

“Денис Тен өлген күні Нұралы Қиясовтың ағасының үйінде болдым. Біз пәтер таппай жүргенде Нұралы бізді ағамның үйінде бола тұрыңдар деп сонда апарды. Жанар бір күн бұрын Нұралымен кетіп қалған. 19 күні сағат 4-5 қарай олар үшеуі келді. Сол кезде Нұралының футболкасынан қанның тамшыларын байқадым. Бірақ аса мән бермедім. Кешкісін сағат 11 қарай жеті адам болып, Қапшағайға демалуға бардық”, - дейді куәгер.

Сонымен қатар ол достарының көңіл-күйі болмағандығын, ал Денистің өлгендігі туралы хабарды инстаграмнан білгенін айтты.

“Кейін полицейлер бізді жолдан ұстап әкетті, ол кезде түк түсінбедім. Тергеуге барғанда Жанардың да күдіктілермен бірге болғанын білдім”, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы