Көбейтұздың балшығын шелектеп алатындар азаймай тұр

7 Тамыз 2020, 19:16
1295
Бөлісу:
Көбейтұздың балшығын шелектеп алатындар азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп бұзушыларды бүгін көлге кезекті рейд кезінде Экология министрлігі мен БАҚ өкілдері анықтады, деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ыбыраева өзінің facebook-парақшасында жазды. 

Көбейтұзға келгеннен кейін министрлік қызметкерлері мен журналистер отбасылық ерлі-зайыптылардың көлге баруға тыйым салынғанына қарамастан, блок-бекеттерді айналып өтіп, көлге келіп, күрекпен бірнеше шелек балшық жинағанына куә болды, - деді ол. 
Ол жазғандай, табиғатқа деген мұндай көзқарас барлық қатысушыларды таңғалдырды. 
коб1.jpeg
Рейдке қатысқан Ерейментау ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, жақында ғана олар еріктілермен көлді қоқыстан тазартты, алайда, кейбір қазақстандықтар әлі күнге дейін санасыз әрекет жасап отыр. Осыған байланысты Экология министрлігі ІІМ және жергілікті әкімдіктен тәртіп бұзушыларды жазалау және көлді қосымша қорғау жөнінде жедел шаралар қабылдауды сұрайды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік тағы да ел азаматтарына қоршаған ортаны қорғауға ұқыпты қарауға және мұндай қатыгездікке жол бермеуге шақырады.
Сонымен қатар, Экология министрлігі ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жақын арада экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін, оның ішінде табиғатқа зиян келтіргені үшін жаза күшейтілетінін еске салады, - деді ол.
коб2.jpeg

Өзгелердің жаңалығы