Бас жаңалықтар
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесі талқыға салынды
28 Мамыр 2019, 10:38 566

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесі талқыға салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 38-39 қадамдары талқыға салынды.

38-қадам экспорттаушылар мен импорттаушылардың кедендік рәсімдерден өту кезінде "Бірыңғай терезе" қағидатын енгізуді көздейді. Яғни, электронды декларациялау жүйесін дамыту. Тауарларды кедендік тазартудың автоматтандырылған жүйесін енгізу. Экспорт пен импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту. Ал 39-қадам, бұл кедендік және салық жүйелерін ықпалдастыру. Импортер Қазақстан аумағына тауарлар әкелінген сәттен бастап оны сатқанға дейін салық салу мақсатында қадағаланады.

"Ұлт жоспарының осы қадамдарын іске асыру үшін қаржы министрлігі сауда және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ ЮНКТАД) конфедерациясының қолдауымен тауарларды электронды декларациялаудың жаңа жүйесі – АСТАНА-1 енгізді. Тауарлардың өткізілуін бақылауды автоматтандыру мақсатында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде кедендік және салықтық ақпараттық жүйелердің бірігуін көздейтін «Виртуалды қойма» модулі іске қосылды", - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында қаржы вице-министрі Р. Енсебаев және «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарларының баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі К. Надиров, сыртқы істер вице-министрі Е. Көшербаев, «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының кеден басқармасының директоры Д.Мамашева бизнес-қоғамдастыққа қатысты  мәселелеріне тоқталды.

Бейне конференция режимінде осы мәселеге жетекшілік ететін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілдері, қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті департаменттерінің басшылары қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша, комиссия мүшелері тиісті ұсынымдар әзірледі, олар уәкілетті мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметіне жіберіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...