Junior Eurovision - 2019: Ержан Максим екінші орын алды

25 Қараша 2019, 08:00
2937
Бөлісу:
Junior Eurovision - 2019: Ержан Максим екінші орын алды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада өткен Junior Eurovision-2019 ән байқауында бақ сынаған қазақстандық қатысушы Ержан Максим екінші орын алды.

Қазылардың бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Алайда онлайн дауыс беру байқау нәтижесін түбегейлі өзгертті. Осылайша онлайн дауыс беру бойынша 79 ұпай жинаған Ержан Максим жалпы көрсеткіш бойынша 212 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

Айта кетейік, Ержан Максим Junior Eurovision-2019 финалында "Арманнан қалма" әнін орындады. Әуеннің сөзін жазған Данияр Алдабергенов пен Тимур Балымбетов, әнін жазған Хамит Шанғалиев. 

Халықаралық ән байқауы Хабар арнасынан тікелей эфирде көрсетілді. 





Өзгелердің жаңалығы