Jas Otan Жастар қанатына жаңа төраға келді

23 Қаңтар 2020, 13:23
3049
Бөлісу:
Jas Otan Жастар қанатына жаңа төраға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қаңтарда елордада Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Jas Otan Жастар қанаты Орталық кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара барысында Jas Otan ЖҚ төрағасы Дәулет Кәрібектің Президенттік жастар кадрлық резервіне кіруіне байланысты өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қаралды.

Жастар қанатының жаңа төрағасы болып, жастармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар, Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы сайланды, - делінген хабарламада.

Елнұр "Болашақ" РҚ жастар қанатының жетекшісі, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметінде жұмыс атқарған. Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болған. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болған.

Дәулет Кәрібек Jas Otan ЖҚ-ғы жұмыс уақытында Nur Otan партиясы Саяси Бюросының ең жас мүшесі болды. Оның еңбегі мен жастар саясатына қосқан үлесі "Ерен еңбегі үшін", "Белсенді қызметі үшін" медалдарымен жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Дәулет "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Сонымен қатар, кеңейтілген отырыс барысында Jas Otan Жастар қанатының басым міндеттері талқыланып, анықталды.

Өзгелердің жаңалығы