"Jas Otan" мектеп және колледж түлектеріне тегін оқу гранттарын табыстады

13 Тамыз 2020, 11:10
1267
Бөлісу:
"Jas Otan" мектеп және колледж түлектеріне тегін оқу гранттарын табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сертификат иегерлері – көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққандар және қоғамдық іс-шараларға қатысатын, волонтерлікпен айналысатын белсенділер.

Nur Otan партиясының  алматылық  филиалының  баспасөз  қызметі хабарлағандай, түлектер гранттық негізде 5 ЖОО-да және Алматы қаласының 1 мемлекеттік колледжінде оқиды.

Әлеуметтік серіктестік негізінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, "Тұран" университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі қолдау көрсетті. Айта кету керек, бұл бастаманы "Jas Otan"жастар қанатының қалалық филиалы алғаш рет өткізіліп отыр.
"Халықаралық жастар күні" және "Jas Otan" жастар қанатының 20 жылдығы қарсаңында біз болашақ студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуге шешім қабылдадық. Әрбір грант иегерін таңдау туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдап, критерийлерге сәйкестерін таңдады. Грантты 6 түлек алды. Алдағы уақытта басқа ЖОО жоғарыда аталғандар үлгі негізінде жастарға әлеуметтік қолдау көрсетеді деп үміттенеміз, - деді "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов. 

Грант иегерлерінің қатарында жасотандық ерікті Әлібек Мейілханов "Jas Otan"-ға алғысын білдіріп, болашақта өз білімін ел игілігі үшін жұмсайтынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы