Израильде жаңа парламент құрылды

2 Мамыр 2019, 09:58
1818
Бөлісу:
Израильде жаңа парламент құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің жаңа парламенті Кнессет сәуірдің 30-ы күні өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Жаңадан құрылған парламентте 49 жаңа депутат бар.

Олардың 11-і  премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясынан келгендер.

«Ликуд» оңшыл көзқарастағы партия саналады. Партия мақсаты – күшті мемлекет пен әскер құру, Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау және Америкамен де, Ресеймен де тығыз қатынас орнату. Ақ-көгілдірлер Палестина автономиясынан біржақты кетуді қалайды. Ал өзге тұстарда бағдарламалары ұқсас. Иранға төтеп беру, Израиль қауіпсіздігіне кепілдік болғанда ғана Палестина мемлекетін құруға жол беру. 

Айта кетейік, 9 сәуірде Кнесеттің 21-шақырылымында сайлау өтті. Кезектен тыс парламенттік додағы 39 партия мен блок қатысты. Ел бойынша 10 720 сайлау учаскесі құрылды. 

Жоспарға сай Кнесетке сайлау 2019 жылдың қараша айында өтуі керек болатын. Дегенмен, өткен жылы елде парламенттік дағдарыс болып, бекітілген дата сәуір айына өзгертілді

Жалпы Израиль – парламенттік мемлекет.  Сол себепті кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша ел президенті қажетті дауысты жинаған партия және фракция басшыларымен кездесіп, жаңа премьер-министрді бекітеді. Және оған жаңа үкіметті құру қызметі жүктеледі.

Осы жолы Кнессетте 120 депутат бар. Олардың барлығы ант қабылдады.




Өзгелердің жаңалығы