Израильде карантинге қарсы шерулер өтіп жатыр

5 Қазан 2020, 09:38
1185
Бөлісу:
Израильде карантинге қарсы шерулер өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індетке байланысты қабылданған шектеулерге қарамастан, Израильде күнара наразылық шерулер өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бой көтеруді бастаған қара байрақтар қозғалысы премьер-министрдің қызметінен кетуін және карантин тәртібін алып тастауды талап етіп отыр. 

Локдаун жариялар алдында үкімет шерулер өткізу мәселесін ұзақ талқылаған болатын. Бір жағынан бұл азаматтардың Конституцияда бекітілген құқығы. Алайда, халық шеруге жиналғанда індеттің таралу қаупі өседі. 

Ақырында шеру өткізуге рұқсат берілді. Бірақ арақашықты сақтау, бетперде тағу және өз үйлерінен бір шақырымнан алыстамау шарттары қойылды. Бұл ережелердің сақталуын полиция қадағалайды. 

Ереже сақталмаса тәртіп сақшылары әрбір шеруді күшпен тарататын болды. Полиция ереже бұзған бүкіл халыққа қарсы қатаң шара қабылдайды. 20 адамнан артық жиналған діни жиындарды да таратып, синагогаларды жапқан. Күн сайын елде коронавирусты жұқтырған 7 мыңдай адам анықталып жүр. 

Жуырда үкімет карантин мерзімін тағы да үш күнге, 15 қазанға дейін ұзартты.



Өзгелердің жаңалығы