Израильде жалпыұлттық карантин енгізіледі

14 Қыркүйек 2020, 21:17
1229
Бөлісу:
Израильде жалпыұлттық карантин енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде коронавирустың өршуіне байланысты жалпыұлттық карантин енгізілетін болды. 

Бұл туралы Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді деп жазды 24.kz сайты.

Шешім қыркүйектің 18-інен басталатын ұлттық мерекеге байланысты қабылданған. Себебі, 9 миллион халқы бар Израильде соңғы уақытта вирус күн сайын 4 мыңнан астам адамнан анықталуда. Жалпы бұл елде дертке шалдыққандар саны 153 мыңнан асқан.

Карантиндік шаралар осы аптаның жұмасында енгізілетін болды. Ол шамамен үш аптаға созылмақ. Тәртіпке сай азаматтардың жүріп-тұруы шектеліп, оқу орындары мен сауда орталықтары уақытша жабылады. Мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысы тоқтатылады. Азаматтардың үйлерінен тек жұмысқа бару үшін ғана шығуына рұқсат етілмек.

Өзгелердің жаңалығы