Израиль премьері жемқорлыққа қатысты айыпталуда

1 Наурыз 2019, 12:38
2335
Бөлісу:
Израиль премьері жемқорлыққа қатысты айыпталуда

Астана, BAQ.KZ. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуге жақын уақытта жемқорлыққа қатысты ресми айып тағылуы мүмкін. Бұл жөнінде Euronews порталы хабарлады. 


Әділет министрлігінде хабарлағандай, мәселе алаяқтық, "парамен сатып алу", қоғамдық сенімді асыра пайдалануда болып отыр. 

Үкіметтің заң кеңесшісі Авихай Мандельблит Нетаньяху мен оның адвокаттарын айып тағу туралы мәселе шешілетін тыңдауларға шақырды. Ол жақта үш іс қаралады: бизнесмендер ұсынған заңсыз сыйлықтар, "Исраэль ха-йом" газетінің редакциясына қарсылық білдіруде медиамашнат Арнон Мозеспен сөз байласу және "Безек" холдингімен жемқорлық байланыс. 

Нетаньяху барлық тағылған айыпты бірнеше рет жоққа шығарып келді. Ол өзін ізіне шам алып түскендердің құрбаны болып отырғанын айтқан. Оның партиясы "Ликуд" Мандельблиттің шешімін "саяси қудалау" деп атап, бұл шараларды 9 сәуірге белгіленген сайлау қарсаңында билікті құлату әрекеті деп бағалауда.
Өзгелердің жаңалығы