Бас жаңалықтар
Израиль коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мың дозасын жоюды жоспарлап отыр
01 Тамыз 2021, 09:25 1141

Израиль коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мың дозасын жоюды жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль жалпы құны 6 миллион шекел (1,8 миллион доллар) болатын коронавирусқа қарсы  вакцинаның 80 мың дозасын жояды.

Препарат жарамдылық мерзімі біткендіктен жойылады. Қандай вакцина туралы екендігі нақты айтылмайды. Сонымен бірге, елде америкалық Pfizer корпорациясының препараты қолданылатыны белгілі, - деп жазады timesofisrael.com.
Израильде халықты вакцинациялаудың ауқымды науқаны жүргізілді, тұрғындардың шамамен 57%-ы вакцина салдыртты, қарт адамдар арасында бұл көрсеткіш 90%-ға жетті. Алайда, коронавирустың «дельта штамы» анықталғаннан бері елде тағы ауырғандар саны арта түскен. Күніне екі мыңнан астам адам вирус жұқтырып жатыр.

 




Фото: дереккөз
Загрузка...