Израиль, БАӘ және Бахрейн Ақ үйде бейбітшілік туралы келісімге қол қойды

16 Қыркүйек 2020, 08:59
1406
Бөлісу:
Израиль, БАӘ және Бахрейн Ақ үйде бейбітшілік туралы келісімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейнмен қарым-қатынасты реттеу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қол қою салтанаты Вашингтонда Ақ үйдің алдында өтті. Оған АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Меланья Трамп қатысты.

Құжаттың астына Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, БАӘ сыртқы істер министрі  Абдалла бен Зейд аль-Нахайян және Бахрейн сыртқы істер министрі Абдель Латыф аз-Зайяни қол қойды.

Келісімнің үш көшірмесі бар, ол иврит, араб және ағылшын тілінде жасалды. Келісімге келуіне бітімгер болған Трамп ағылшын тіліндегі нұсқасына қол қойды. 

Израиль және БАӘ өкілдері Авраам шарты аясында толық реттеу туралы келісімге келді. Келісім талаптарына сәйкес, Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы территорияда өз егемендігін тарату туралы шешімін уақытша шегереді.

Кейін Бахрейн де келісімге келді. 

Өзгелердің жаңалығы