Іздеуде жүрген ресейлік алаяқ Шымкентте ұсталды

5 Мамыр 2022, 15:23
1226
Бөлісу:
Іздеуде жүрген ресейлік алаяқ Шымкентте ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, іздеуде жүрген 25 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Шымкентте жасырынып жүрген.

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде 1997 жылы туған Е.есімді азамат ұсталды. Дәл сол жерде ол РФ-ның әділет органдарынан жасырынған.  Көрші мемлекеттің полиция қызметкерлері айыпталушыны есірткіні заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны, дайындағаны және өңдегені үшін іздеп жүрген, ал, сол кезде Алматының полиция қызметкерлері күдіктіні бірқатар алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін іздеп жатқанын РФ-ның полицейлері білмеген де.

Біздің деректеріміз бойынша Е.есімді азамат сайтқа арзан бағамен пәтер жалдау туралы хабарландыру жариялады.  Сонымен қатар, ол өзі бұл пәтерлерді бір күнге жалға алып, кейіннен ұзақ мерзімге қайта жалға берген.  Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қаскөй жалған келісім-шарттар жіберіп, 100% алдын ала төлемді талап етіп, кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған.  Ол үшін оның бірнеше абоненттік нөмірлері болды, олар тінту кезінде тәркіленді.  Сонымен қатар, аударымдар жүзеге асырылған банктік деректемелер анықталды.  Қазір алаяқтық бойынша 16 дерек дәлелденді.  Сол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - дейді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Жедел қызметкерлер алданған адамдардың әлі де көп болуы мүмкін екеніне сенімді.

Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауларыңызды сұраймыз.  Осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-707-9202;  8-705-771-1371;  8-705-555-7763;  254-46-12 және 254-46-08, — деді, полковник Ысқақов.

Өзгелердің жаңалығы