Қиыршық тасты заңсыз өндіргендер ұсталды

23 Маусым 2020, 13:54
1270
Бөлісу:
Қиыршық тасты заңсыз өндіргендер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында қиыршық тасты заңсыз өндіруге қатысты 4 дерек анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан облыстық ПД бастығының бұйрығын орындау мақсатында өңір аумағында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды, экологиялық қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық және рейд жүргізіп жатыр.

Түркістан облыстық ПД ЖПҚ қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстарды заңсыз өндіру және браконьерлік деректерін анықтау мақсатында Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды.

Жүргізілген рейдтер нәтижесінде тәртіп сақшылары Келес өзенінің жағасында заңсыз қиыршық тас өндіру жайтының жолын кесті. Полиция қызметкерлері төрт жүк көлігі, екі жүк тиегіш және екі экскаваторды айыптұраққа қойды. Жиналған материалдардың барлығы жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне жіберілді. Қазіргі уақытта бұл жайттар ҚР ҚК-нің 334-бабы “Жер қойнауын өз бетімен пайдалану” бойынша тіркелді.

Күдікті адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Түркістан облыстық ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы жер қойнауын өз бетімен пайдаланудың 27 жайтын анықтады.


Өзгелердің жаңалығы