Иван Дычко қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірді

10 Шілде 2021, 23:50
1786
Бөлісу:
Иван Дычко қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының Алматыда өткізіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Иван Дычко қарсыласын 58 секундта жеңді. 

30 жастағы қазақстандық рингке екі жылдан кейін оралып отыр. Жекпе-жекте қарсыласы тәжірибелі ресейлік боксшы Денис Бахтов болды (39-18, 26 КО).

Бұл ауыр салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған, бірақ Дычко ресейлік боксшыны небәрі 58 секундта нокаутқа түсірді.


Сонымен қатар осы бокс кешінде қазақстандық Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) отандасы Арман Рысбекті (7-1, 6 КО) нокаутпен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы