Италияның жағалау күзеті 125 мигрантты құтқарды

10 Қыркүйек 2021, 07:53
1491
Бөлісу:
Италияның жағалау күзеті 125 мигрантты құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның жағалау күзеті 125 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды Reuters.

Құтқарылғандардың ішінде 20 бала мен 49 әйел бар. Олардың барлығы әр түрлі қайықтармен саяхаттаған.

Кемелердің бірі суға батып кете жаздаған. Дегенмен құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетті. Құтқарушылар адамдарды уақытша тұру орталығы орналасқан Лампедуза аралына жеткізді.

Айта кетейік, бір апта бұрын дәл осы аймақта жағалау күзеті 539 мигрантты құтқарған болатын.


Өзгелердің жаңалығы