Италияның туризмнен түсетін табысы төрт есеге қысқарды

12 Тамыз 2020, 07:07
1177
Бөлісу:
Италияның туризмнен түсетін табысы төрт есеге қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Италияға келетін туристер саны былтырғымен салыстырғанда 75 пайызға аз болады.

"Сонфтуризмо" ұлттық бизнес-қауымдастығы жүргізген зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп отыр. Әсіресе шетелдік туристер санының қысқарғаны елдегі туризм саласы үшін қиынға соғып отыр. Себебі АҚШ және бірқатар Азия елінен келетін азаматтар өз демалыстары барысында италиялықтардан әлдеқайда көп шығынданады.

Айта кету керек, Италияның жалпы ішкі өнімінің 13 пайызы осы туризмнен түсетін табыс.



Өзгелердің жаңалығы