Бас жаңалықтар
Италиялық депутат Достық үйін аралап, ҚХА жұмысымен танысты
23 Қыркүйек 2019, 15:13 432

Италиялық депутат Достық үйін аралап, ҚХА жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы ҚХА жанындағы Достық үйіне Италия парламентінің депутаты Эмануэла Россини келді.

ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев италиялық қонаққа ҚХА құрылу тарихы мен қызметі туралы айтып берді.

WhatsApp Image 2019-09-23 at 15.11.28.jpeg

"Елімізде 125 этно-мәдени орталық бар. Ассамблеяның барлық облыста өкілдігі бар және жергілікті жерде өкілдік басшысы - сол өңірдің әкімі. Ассамблеяның хатшылығы Президент Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ал ҚХА төрағасы  - Нұрсұлтан Назарбаев... ҚХА тарапынан 9 тұлға  - Парламент депутаты. Сонымен қатар, Ассамблея жанында 40 Достық үйі бар. Қазір біз отырған - елордадағы Достық үйі. Қазақстанның барлық этносы өз тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуға құқылы. 24 мектепте өзбек, ұйғыр, тәжік тілінде оқытатын мектеп бар. Ал өнер мәдениетін дамытуға келсек, орыс, ұйғыр, неміс секілді 5 театр өз тілдерінде жұмыс істеп тұр. Қазақстанды этно-мәдени бірлестіктен 52 БАҚ өкілі тіркелген. Олар 15 тілде ақпарат таратады", - деді Жансейіт Түймебаев.

WhatsApp Image 2019-09-23 at 15.11.28 (1).jpeg

Сонымен қатар, кәсіпкерлер қауымдастығы мен журналистер клубы барын атап өтті.

WhatsApp Image 2019-09-23 at 15.11.28 (2).jpeg

Италиялық депутат Қазақстанға Еуразия елдерінің Парламенті спикерлерінің IV кеңесіне қатысуға келген. Еліміздегі білім саласын үйрену үшін қаладағы №37 мектеп-лицейіне барған. Осы аралықта еліміздегі бірнеше ұлт өкілінің басын біріктірген ҚХА жұмысымен танысқысы келген соң ҚХА төрағасымен Достық үйінде кездесіп, ұйым жұмысымен танысты. 

"Қазақстан мен Италия арасындағы достық қарым-қатынас жақсы орныққан. Өзім білім саласында ұзақ уақыт бойы еңбек еткендіктен, бүгін Нұр-Сұлтандағы орта мектепке барып көрдім. Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін жақсы білетініне таңғалдым. Екі тілде оқытатын мектептерге қызықтым. Сондай-ақ италиянша тіл курсы жүргізілетін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне да бардым. Міне, Қазақстандағы этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы туралы қызығып, Достық үйіне келіп отырмын. Біздің елге осы көргенімді жеткіземін.  Мұнша ұлттың бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі - өте үлгілі", - деді италиялық депутат.


Фото: Арман МУХАТОВ
Загрузка...

Сізден жаңалық