Италиядағы халықаралық турнирге қатысатын балуандар анықталды

19 Мамыр 2019, 17:44
1524
Бөлісу:
Италиядағы халықаралық турнирге қатысатын балуандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22-26 мамыр аралығында Италияның Сассари қаласында еркін күрестен дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. Рейтингілік жарыстар санатына енетін бәсекеге біздің балуандар да қатысады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлайды.

Бас бапкер Әсет Серікбаев Италиядағы турнирге мына спортшылардың аттанатынын растады:

61 келі: Жандос Исмаилов, Расул Қалиев

65 келі: Саятбек Оқасов 70 келі: Нұрғожа Қайпанов, Н.Әлімқұл

74 келі: Данияр Қайсанов

79 келі: Шамиль Мұртазов, Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Азамат Дәулетбеков

92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы

97 келі: Бақдәулет Әлментай

125 келі: Олег Болтин.

Өзгелердің жаңалығы