Италияда туристер мінген автобус аударылды: Ішінде ҚР азаматтары бар

22 Мамыр 2019, 19:39
1322
Бөлісу:
Италияда туристер мінген автобус аударылды: Ішінде ҚР азаматтары бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер бар автобус аударылды. Көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болды, шамамен он адам түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

«Барлық зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, төртеуі ауыр жағдайда. Алдын ала деректер бойынша, апатта зардап шеккендердің арасында қазақстандық азаматтар бар», делінген хабарламада. 

Мәліметке сай, қазақстандық консул Рим қаласынан оқиға болған Сиена провинциясына жолға шықты. Толығырақ ақпарат оқиғаның барлық мән-жайын анықтағаннан кейін беріледі.

Өзгелердің жаңалығы