Бас жаңалықтар
Италияда құнды жәдігер табылды
28 Ақпан 2021, 13:34 374

Италияда құнды жәдігер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ежелгі Рим қаласы Помпей маңында біргей жәдігер – жақсы күйде сақталған темір мен қоладан жасалған төрт дөңгелекті күйме арба табылды, деп жазды Хабар24.

Осыған дейін археологтар дәл осы жерден әбзелдерімен бірге үш аттың сүйектерін тапқан болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұрын-соңды Италия аумағында мұндай күйме-арбалар табылмаған екен. 

Везувий жанартауының атқылауынан жоғалып кеткен бұл ежелгі қаланың қалдықтары 16-ғасырда анықталды. Қазір бұл жер ашық аспан астындағы мұражайға айналған. Сондай-ақ қазба жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...