Италиядағы фабрикада жарылыс болды: 4 адам қаза тапты

21 Қараша 2019, 09:30
4282
Бөлісу:
Италиядағы фабрикада жарылыс болды: 4 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фабрика қызметкерлері темір есіктерді жөндеу үшін дәнекерлеу құрылғысын қолданған.

Сицилия аралындағы Мессина провинциясында отшашу фабрикасында жарылыс болды. Төрт адам қаза тапты және екі адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы ANSA хабарлады.

Қайтыс болғандардың арасында фабрика иесінің 71 жастағы әйелі бар. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіледі. Құтқарушылар өртті сөндіріп, үйінділерді жинап жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жарылыс фабрика жұмысшылары темір есіктерді жөндеу үшін дәнекерлеу құрылғысын қолданғаннан болған.
Өзгелердің жаңалығы