Италияда COVID сертификаты жоқ тұрғындар жұмысқа кіре алмайды

17 Қазан 2021, 16:31
10388
Бөлісу:
Италияда COVID сертификаты жоқ тұрғындар жұмысқа кіре алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирус сертификатын алмаған азаматтар жұмысқа жіберілмейді. 

Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды.

Италияда бір апта ішінде вакцинацияның тәуліктік саны үштен бір бөлікке өсті. 15 қазаннан бастап Италияда эпидемиологиялық нормалар күшейтілді: ковид-сертификаты жоқ азаматтар жұмысқа бара алмайды. Бұл құжатты егілген, ауырып жазылған немесе теріс нәтижесі бар ПТР-тест ұсынған адамдар ала алады. Вакцина алмағандар тесті өз акшаларына жасатады. Италияда бірінші және қайта егуді 43 684 885 тұрғын алды.

Ертеңнен бастап Сауд Арабиясында кейбір карантиндік талап жойылады. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көшеде қорғаныш маскаларын міндетті тағу талабының күші жойылады. Бетпердені тек көшеде тақпауға болады, жабық бөлмелерде маска кию жалғасады. Пандемия басталғаннан бері Сауд Арабиясында инфекцияның 547 845 жағдайы тіркелді (өткен тәулікте +48), 8 758 адам COVID-19 салдарынан қайтыс болды. Италия үкіметі республика азаматтарының коронавирусқа қарсы белсенді вакциналанатынын хабарлайды.

Өзгелердің жаңалығы