Ит пен мысық ұстау ережелерін бұзған 300-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды

21 Сәуір 2021, 13:47
1711
Бөлісу:
Ит пен мысық ұстау ережелерін бұзған 300-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Осы жылдың 14-20 сәуірі аралығында елордада ит пен мысық асырау ережелерін бұзғаны үшін 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгде табиғатты қорғау полициясы ДП ЖПҚ Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданында иттер мен мысықтарды серуендету және ұстау ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оларға түрлі жадынамалар мен буклеттер табыс етілді. Ал тиісті ережелері бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.

Қағидаларды бұзғаны үшін (иттерді байлаусыз ұстағаны себепті) осы жылдың 14-20 сәуірі аралығында 17 жеке тұлға, 2021 жылдың басынан бастап барлығы 296 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қағиданың 35-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді қала аумағында еркін серуендетуге тыйым салынады; иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді тұмылдырықта тек қана алаңдарда немесе иттерге арналған үйрету орындарында еркін серуендетуіне рұқсат беріледі.

Иелері кез келген тұқымды иттерін (иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін ит тұқымдарын қоспағанда) тыйым салу белгісі орнатылмаған орындарда тұмылдырықсыз, алайда тізгінде серуендетуі тиіс. Бұл ретте жануардың иесі өзімен бірге тұмылдырықты алып жүруі міндетті, ол қажет болған кезде дереу итке тағылуы тиіс. Сондай-ақ айналасындағыларға кедергі келтірмей, өзімен бірге экскременттер жиынтығын алып жүруі тиіс, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, иттің тұмылдырығы уақтылы тағылуына және тізгінінің ұзындығына оның иесі жауап береді.

Өзгелердің жаңалығы