IT мамандар оқушылармен кездесті

20 Маусым 2019, 16:35
1366
Бөлісу:
IT мамандар оқушылармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында IT мамандар оқушылармен кездесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын талқыға салды.

Қазақстанның «білім туралы» заңының 8-бабы 7-тармағында: оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. 

"Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында осы жылдың 7 маусымынан  21 маусым аралығында «IT-CLUB» жас бағдарламашылар зертханасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді", - делінген «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы таратқан хабарламада. 

Дөңгелек үстел барысында еліміздің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда жеткен жетістіктері мен роботехника, 3D модельдеу мәселесі талқыға салынды.
Өзгелердің жаңалығы