Іссапардағы мемлекеттік қызметкерлер де бақылауда болады

11 Маусым 2019, 13:30
3019
Бөлісу:
Іссапардағы мемлекеттік қызметкерлер де бақылауда болады
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бірқатар мәселені талқыға салды.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста 128 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 85-і орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде, 43-і жергілікті атқарушы органдарда. Оған қоса мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекетке барғанымен, жауапкершілікке тартылмайтындар да бар.

2019 жылдың 1 тоқсанында тәртіптік комиссия отырысында қарамай тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер саны – 107. Оның ішінде ескерту – 78, сөгіс – 26, қатаң сөгіс – 3. Басшылық қызметтегі мемлекеттік лауазым атқаратын тұлғалар саны – 28, басшы емес мемлекеттік лауазым атқаратын тұлғалар саны – 79.

Іссапардағы мемлекеттік қызметкерлер де бақылауда болады

«Атырау облысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен 2019 жылдың 1 тоқсанында 39 тәртіптік іс қаралған. Оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықты жасау фактісі бойынша – 1, қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша – 7, өзге заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша – 31. Сонымен қатар теріс қылық жасау фактісі бойынша тәртіптік іс қозғалғанымен тәртіптік жауапкершілік тағайындалмағандар да бар», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы   Гүлшат Наубаева.

Департамент мамандарының мәліметінше, мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмаған 10-ға жуық жеке және заңды тұлғадан шағым түскен. Мұның барлығы әдеп уәкілдерінің жұмысының мардымсыздығынан. Енді барлық аймақтардағы әдеп уәкілдеріне іссапарға шыққан қызметшілерді де бақылап отыру жүктеледі. Мемлекеттік мекемелерде комиссияны күтіп алу, оларға қонақжайлық таныту сияқты ескі дәстүрмен күреседі. Сонымен қатар, облыстағы бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қызметкерлеріне артық жұмыс жасатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Іссапардағы мемлекеттік қызметкерлер де бақылауда болады

«Мемлекеттік органдарда икемді жұмыс уақытын енгізу мәселесін қарастыру бойынша сауалнама жүргізіліп, 2504 мемлекеттік қызметші қатысты. Сауалнама қорытындысын талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілермен жұмыс регламентіне өзгерістер енгізуді қолдайтындығы белгілі болды. Икемді жұмыс уақытын енгізу қолданыстағы еңбек заңнамаларының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын өздеріне ыңғайлы уақытқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің қызметкерлерінің артық жұмыс жасау фактілері анықталды. Бұл ретте, Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен еңбек заңнамасы талаптарының заңдылығына тексеріс жүргізілді», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Аманжол Қаженбаев.



Өзгелердің жаңалығы