Испанияда клиент киімді киіп көргені үшін ақша төлейді

20 Қаңтар 2020, 20:46
1792
Бөлісу:
Испанияда клиент киімді киіп көргені үшін ақша төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Компания сатып алушылардан әр киімді киіп көргені үшін 15 еуродан алып отырмақ. Сонда клиент тауарды онлайн емес, дүкеннен сатып алады деген кепілдікпен жасалып отыр. Ал онлайн дүкенде киім бағасы арзан.

Испаниялық Pascual Bilbao сауда маркасы ер адамдардың той костюмын тігеді. Олар киімді өлшеп көрген клиенттерден 15 евродан алып отыр. Бұл туралы El Periódico жазады.

Мұндай жаңашылдық компанияның тек бір дүкенінде қолға алынған. Клиент киім өлшеп көретін бөлмеге кіргенге дейін ақысын төлеу керек. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде тарап кетті және сауда маркасына наразылық білдіргендер көбейді. Ал дүкен иелерінің айтуынша, клиенттер киімді олардың дүкенінде киіп көреді де, сатып алу үшін онлайн тапсырыс береді. Сондықтан олар өтірік киіп көретіндерден құтылғысы келеді.

Өзгелердің жаңалығы