Бас жаңалықтар
Испанияда кеме апатынан 34 мигрант құтқарылды
17 Қаңтар 2021, 10:23 196

Испанияда кеме апатынан 34 мигрант құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның жағалау күзетінің қызметкерлері  Гран-Канария аралының маңында 34 мигрантты өлім аузынан аман алып қалды, деп жазады Хабар24. 

Атлант мұхитына жолға шыққан келімсектердің арасында 20 әйел мен 3 кәмелет жасқа толмаған бала бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі адам ауыр жарақат алған. Қызыл крест ұйым өкілдері бір бала қаза тапқанын хабарлайды.

Айта  кетейік, өткен жылы Испанияның Канар аралдарына келген мигранттардың саны 2019 жылмен салыстырғанда  8 есе артық болды. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, былтыр аймаққа 21 мың 400-ден астам кірме келген екен. Олардың дені - Африка елдерінің азаматтары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...