Испания шілдеден бастап туристер қабылдайды

24 Мамыр 2020, 12:14
1600
Бөлісу:
Испания шілдеден бастап туристер қабылдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания шілде айынан бастап шетелдік туристерді қабылдайды. Бұл туралы РИА Новости жазды.


Испанияға туризм қажет, ал туризм қауіпсіздікке мұқтаж. Елге келу-кету бағдарында қауіпсіздік әсіресе қажет. Біз туристер төніп тұрған қауіптің жоқ екеніне кепілдік береміз, - деді Испания премьер-министрі Педро Санчес.

Сонымен бірге ол барлық елдермен әуе қатынасы қалпына келуін және індеттің жаңа толқынын болдырмау үшін қандай нақты шаралар қолданылатынын нақтылап айта алмады.  

Премьер-министрдің айтуынша, тиісті министрліктер барлығын егжей-тегжейлі жақын күндері жариялайды. Санчес сонымен бірге испандықтар өз елдерінде демалыстарын жоспарлауды ұсынып, эпидемиологиялық ахуал толығымен тұрақтанғаннан кейін провинциялар арасындағы қозғалысқа қойылған шектеулер алынып тасталғаннан кейін олар сапарға шығатын болады деп еске салды.

 Үкімет басшысы туроператорлар мен осы салада жұмыс істейтін басқа компанияларды жазғы науқанды бастауға шақырды.  
Осы жазда туризм жалғасады. Мен туризм саласындағы барлық компанияларды бүгіннен бастап жақын болашақта жұмысын қайта бастауға дайындауға шақырамын, - деді Санчес.

 Бұрын премьер-министр Педро Санчес айтқанындай, егер эпидемиологиялық жағдай қазіргідей дамып жатса, маусымның соңында ел қалыпты жағдайға оралуы мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы