Испания Премьер-министрі халықтан кешірім сұрады

21 Мамыр 2020, 19:47
1165
Бөлісу:
Испания Премьер-министрі халықтан кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі төтенше шаралардың әрекетін қайта ұзартты.

Испания Премьер-министрі Педро Санчес азаматтардың алдында карантиннің жаңа кезеңі үшін және қатаң шаралар қабылдауға әкеліп соққан қателері үшін кешірім сұрады. Ел билігі төтенше шаралардың әрекетін қайта ұзартқанымен, бұл жолы жоспарланған 30 күнге емес, 15 күнге созды.
Пандемияның таралуы бізді мұқият болуға үйретті. Жоғары дайындық режимі адамдардың денсаулығы үшін әлі де сақталатын болады. Мен азаматтардан асығыс жасаған қателіктер үшін, ресурстардың жетіспегені үшін, дағдарыстың ауқымы артқаны үшін кешірім сұрағым келеді, - деді Педро Санчес.
Бұл елде карантин біртіндеп жойылады, бірақ барлық өңірлерде бір мезгілде емес. Корольдіктегі статистика біртіндеп жақсарып келеді. Мәселен, соңғы төрт күн бойына коронавирус құрбандарының тәуліктік саны 100 адамнан аспаған.

Оқшаулауды ұзарту мәселесі бойынша үкіметті қолдайтындар саны аз. Испаниялықтар көшеге шығуға рұқсат етілген аймақтарда кабинетті орнынан босату талабымен наразылық акциясына жиналып жатыр. Олар Санчесті ойланбаған және тиімсіз шараларды қолдағаны, экономиканы әлсіреткені және азаматтардың еркіндігін бұзғаны үшін айыптауда.

Дегенмен, бейсенбіден бастап барлық испаниялықтар көшеде және кез келген қоғамдық орындарда егер адамдар арасында екі метр қашықтықты сақтау мүмкін болмаса, бетперде киюге міндетті болады.
Өзгелердің жаңалығы