Бас жаңалықтар
Испания нөсер астында қалды
04 Қыркүйек 2021, 02:21 105

Испания нөсер астында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік туристер мен су басқан провинциялардың тұрғындарынан үйден кетпеуін сұрайды.

1 қыркүйекте Испанияның орталық және шығыс бөліктерінде нөсер жауып, қатты су тасқынына әкелді. Әсіресе Толедо, Таррагона және Кастельон провинциялары зардап шекті, үйлер мен жолдар су астында қалды.

Каталонияда күніне 1 шаршы метрге 77 литр жаңбыр жауып, материалдық шығынға ұшырады.

Renfe теміржол компаниясы сәрсенбіде Мадрид-Толедо бағыты бойынша пойыздардың қозғалысын тоқтатты және бейсенбіде осы бағытқа билет сатуға тыйым салды. El País ақпаратына сәйкес, сәрсенбіде Валенсия мен Барселона арасындағы алты пойыз да тоқтатылды.

Мемлекеттік метеорологиялық агенттіктің (Aemet) хабарлауынша, бүгін Испания астанасында нөсер жаңбыр жауады. Сары немесе қызғылт сары дәрежедегі ауа райы қаупі елдің 15 провинциясында жарияланды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...